2023 жылдың 11 қыркүйекте сағат 11.00-де мектебімізде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының ұйымдастырумен «Арнайы мектеп ұйымдарын жабдықтау» қайырымдылық бағдарламасы жүзеге асырылды.
1 қыркүйек – мектептегі алғашқы қоңырау мен толқу, гүлдер мен ақ бантиктер, салтанатты сап және бірінші сынып сағаты. Бүгін мектебіміздің табалдырығын алғаш аттаған бірінші сыныптың 43 оқушысы «Дар» қоғамдық қайырымдылық қорынан оқу құралдары салынған мектеп сөмкесін алды.
Астана қаласының Білім басқармасы 10-14 жас аралығындағы ерекше білім беруді қажет ететін - зердесі зақымдалған балаларға арналған "№3 арнайы мектеп" КММ-нің базасында "Қауіпсіздік әліппесі" ІІ қалалық фестиваль – конкурсын ұйымдастырады.




4-5 сәуірде Дүние жүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күніне арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында 1-6 сынып оқушылары "Ailand" отбасылық демалыс орталығына барды. Біздің тәрбиеленушілерімізге қуанышты сәттерді сыйға тартқанқайырымды жандарымызға Алғыс білдіреміз!!!
Дүниежүзілік аутизм мәселесі жайлы ақпараттандыру күні қарсаңында, мектеп қабырғасында “Ерекше бала - ерекше жол” атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға оқушыларымыздың ата-аналары, мектеп әкімшілік қызметкерлері және психолого-педагогикалық қолдау мамандары қатысты. Кездесу барысы “сұрақ- жауап алаңы” түрінде өткізілді.
7 наурыз күні, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара мектеп ер-азаматтары дайындаған мерекелік концертке ұласты.
1 наурыз Алғыс айту күніне орай балаларды сүюді, оларға қуаныш, үміт пен жақсылыққа сенуді білетін демеушілеріміз бен қайырымдыларымызды мерекелік концертке шақыру дәстүрге айналды. Үйірме басшылары тәрбиеленушілерімен бірге қонақтарға көңілді қойылымдармен өз қолдарымен жасалған сыйлықтар дайындады.
24 ақпанда Астана қаласының Әдістемелік орталық және Астана қаласы әкімдігінің «№3 арнайы мектеп» КММ ұйымдастырған «Мектеп – тең мүмкіндіктерді дамыту алаңы» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті.
Мектебімізде 30.01.2023-10.02.2023 аралығында өтетін “БАСТАУЫШ-БІЛІМ БЕСІГІ” тақырыбындағы бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өткізілді.