Мектеп атынан жарысқа 10 білім алушы қатысты. Жас спортшылар өздерінің лайықты дайындықтарын, жігері мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша команда сегіз жүлделі орынға ие болды: екі бірінші, бес екінші және бір үшінші орын. Жалпыкомандалық есепте команда ІІІ орын алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да спорттық табыстарға, жаңа жетістіктерге және жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!
