«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына, Қамқоршылық кеңесіне және қазылар алқасына мектебімізді I орынмен марапаттап, осындай құнды сыйлық табыстағандары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз!
Біздің ерекше балаларымыз үшін бұл — жай ғана спорт алаңы емес. Бұл олардың дене, әлеуметтік және психикалық дамуына, белсенді өмір салтына және әлеуетін ашуына жасалған үлкен мүмкіндік. Балаларымызға деген қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Жақсылық жалғаса берсін!
Астана қаласы әкімдігінің «№3 арнайы мектеп» КММ ұжымы
